2026 жылғы 17 наурызда сағат 11.00-де Қостанай қаласы, Ы. Алтынсарин көшесі, 109, Балалар шығармашылығы мектебі мекенжайы бойынша, Қостанай қалалық мәслихаты «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылытуэнергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын бәсекелестік ортаға беру мәселесі бойынша күн тәртібімен көпшілік тыңдаулар өткізеді.
Қостанай қаласының тұрғындарын ынтымақтастыққа және көпшілік тыңдауларға қатысуға шақырамыз.
Өз пікіріңізді Қостанай қалалық мәслихатына жазбаша түрде мына мекенжай бойынша жібере аласыз: Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, 208 кабинет, электрондық мекенжайы: maslihatkost@mail.kz.
_________________________________________________________________________________________________________
Қалалық мәслихатқа «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылытуэнергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын (бұдан әрі – «ҚЖЭК» МКК) бәсекелестік ортаға беруге мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар өткізу мәселесі бойынша Қостанай қаласы әкімінің хаты келіп түсті.
2026 жылғы 26 қаңтарда Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Тұрақты комиссиялардың отырысында Қостанай қалалық мәслихатының көпшілік тыңдауларын өткізуге дайындық мәселесі қаралды.
Қостанай қалалық мәслихатының регламентіне сәйкес көпшілік тыңдаулар тұрақты комиссиялардың қарауына жатқызылған аса маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі. «ҚЖЭК» МКК -ны бәсекелестік ортаға беру мәселесі осындай болып табылады.
Көпшілік тыңдаулар өткізу үшін құрамына кіретін жұмыс тобы құрылды:
Федяшин Михаил Павлович – Қостанай қалалық мәслихатының депутаты, жұмыс тобының төрағасы;
Алпысов Арман Амиржанович – Қостанай қалалық мәслихатының депутаты, жұмыс тобы төрағасының орынбасары;
Тлеугалеева Айжана Эрбулановна – «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы, жұмыс тобының хатшысы;
Жұмыс тобының мүшелері:
Акпбаев Кенжетай Ауесканович – «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік кәсіпорындар және инвестициялық жобаларды іске асыру секторының меңгерушісі;
Безрукова Александра Евгеньевна – «Қостанай жылытуэнергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы;
Жабаева Меруерт Елшибековна – Қостанай қалалық мәслихатының депутаты;
Жидебаева Гаухар Бексултановна – «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
Махмутов Айдос Казбекович – «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары;
Турлубекова Наталья Николаевна – «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
Усенов Ержан Бауржанович – Қостанай қалалық мәслихатының депутаты.
Жұмыс тобына құжаттар топтамасын зерделеу, көпшілік тыңдаулар өткізуге дайындалу, қала тұрғындарының қоғамдық пікірін зерделеу тапсырылды.
Құрметті қостанайлықтар, Сіздерді «ҚЖЭК» МКК – ны бәсекелестік ортаға беру жөніндегі іс-шараны өткізу туралы ұсынысты талқылауға қатысуға шақырамыз.
Сіз өз пікіріңізді білдіретін хаттарды Қостанай қалалық мәслихатына мына мекенжай бойынша жібере аласыз: 110000, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі 98, 208 кабинет, электрондық мекенжайы: maslihatkost@mail.kz.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/press/news/details/1159787?lang=kk

Жауап қалдыру