ЖОНАРЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ЖОНАРЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСУ ӨТТІ
 
Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы және Сарыағаш аудандық мәслихаты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ибрагимов Шермат Бегматұлы Қабланбек ауылдық округіне қарасты Жонарық елді мекенінде бой көтеріп жатқан 200 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарымен танысты.
 
Жұмыс сапары барысында нысанның қазіргі жай-күйі, құрылыс барысы мен орындалу мерзімдері қаралды. Мердігер ұйым өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, жобаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
Аудан басшылығы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы бұл жобаның ауыл тұрғындары үшін маңыздылығын атап өтіп, құрылыс сапасы мен мерзімін сақтау мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін тапсырды.
 
Жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілгеннен кейін елді мекен тұрғындары үшін мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге, шығармашылық үйірмелерді дамытуға мүмкіндік береді.
 
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1160649?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді