«Адал азамат»: сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппараттағы қызметшілердің болмысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбайдың орталық мемлекеттік органдардың қызметшілерімен кездесуі жалғасуда.

Агенттік Төрағасы Ауыл шаруашылығы мен Қаржы министрліктерінің қызметшілерімен жүздесті. Кездесу сала қызметкерлерін толғандыратын өзекті мәселелер көтерілген, ашық әрі мазмұнды пікір алмасу алаңы ретінде өтті.

Іс-шарада Дархан Жазықбай Президенттің V Ұлттық Құрылтайдағы мемлекеттік сектордағы жұмысты ұйымдастыру мәдениетін жақсарту жайлы пікірінің маңыздылығына назар аударып, мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту жолдары мен алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді таныстырды.

Сондай-ақ, адамға бағдарланған сервистік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін жетілдіру және саланы цифрландыруға бағытталған жүйелі жұмыстарға тоқталды.

Сонымен қатар «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Адал азамат» қағидаттарын орнықтыру Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың іргелі негіздері екенін атап өтті.

Агенттік Төрағасы мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының адамға бағдарланған үлгісін бекітуді көздейтін «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасының жаңашылдықтарымен бөлісіп,  мемлекеттік қызметші кәсіби, жауапты және қоғамға үлгі болатын тұлға болуы тиіс деді.

Мемлекеттік қызметшілер Президенттің мемлекеттік саясатын сапалы іске асырып қана қоймай, жаңа конституциялық модельдің құндылықтарын орнықтырушы негізгі күш ретінде айқындалды. Нәтижесінде, Жалпыхалықтық референдумға шығарылған Конституция жобасы кең қоғамдық қолдауға ие болды.

Дархан Жазықбай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытындағы ағартушылық жұмыстардың маңызын атап өтіп, жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру жұмыстары мектеп қабырғасынан және отбасы институтынан басталуы қажет екенін жеткізді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің гибридті моделін енгізу, жеке және квазимемлекеттік сектордан кәсіби кадрларды тарту, сондай-ақ «Е-қызмет» цифрлық іріктеу жүйесі арқылы ашықтық пен меритократияны күшейтуге бағытталған шаралар таныстырылды.

Кездесу соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/1161804?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді