Әуезов аудан әкімінің тұрғындармен кезедсуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

№153 мектеп-гимназиясында аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесу барысында алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар таныстырылып, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, аула аумақтарын тазалау, әлеуметтік салаға қатысты түйткілдер, тұрғын үйлердің жай-күйі, сондай-ақ балалар ойын алаңдарын абаттандыру, көше жарығын жақсарту және санитарлық тазалықты күшейту мәселелері сөз болды.

Барлық айтылған ұсыныс-пікірлер мен өтініштер бақылауға алынды. Жауапты коммуналдық және аудандық қызметтерге нақты тапсырмалар берілді. Олардың орындалуы кезең-кезеңімен қадағаланып отырады.

Тұрғындармен ашық әрі сындарлы диалог жүргізу, көтерілген мәселелерді жүйелі түрде шешу – алдағы уақытта да басты басымдықтардың бірі болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1160927?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді