Аудан мектептерінде «Құтқарушының бір күні» атты бірлескен іс шара өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 ақпан күні Шал ақын ауданының мектептері «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында Төтенше жағдайлар бөлімі, Полиция  бөлімі және прокуратура органдарына барып «Құтқарушының бік күні» атты бірлескен профилактикалық іс -шараға қатысты. Іс шара Төтенше жағдайлар бөлімі, Полиция бөлімі мен прокуратура органдары өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты білім алушыларда құқықтық мәдениетті, жауапты мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ жеке және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы білім деңгейін арттыру болды. Іс-шара барысында қызмет мамандары оқушыларға құтқарушылардың, полиция қызметкерлері мен прокурорлардың күнделікті жұмысы туралы айтып, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп, күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске салды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, төтенше жағдайлардың алдын алу және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Білім алушылар үшін тақырыптық әңгімелер, тәжірибелік демонстрациялар, интерактивті сабақтар және қызмет өкілдерімен ашық диалог ұйымдастырылды. Балалар белсенді сұрақтар қойып, құтқарушы және құқық қорғау органдары қызметкерінің мамандықтарына қызығушылық танытты. Осындай іс-шараларды өткізу білім беру ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың Заңға және өз қауіпсіздігі үшін жауапкершілікке құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.

Аудан мектептері «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге және білім алушылардың құқықтық санасын тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша жұмысты жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1161446?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді