Ауған соғысының ардагері Жұрқабаев Кенен Жұмажанұлы ағамызбен кездесу кеші өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

13 ақпан  күні Далақайнар ауылдық кітапханасында  “Мәңгі ұмытылмас ерлік” атты кездесу кеші Ауған соғысының ардагері Жұрқабаев  Кенен Жұмажанұлы ағамыз және кітапхана оқырмандарының қатысуымен кездесу кеші өткізілді.     

      Іс –шара барысында кітапханашы оқырмандарға Ауған соғысы жайында мағлұматтар айта отырып, Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету біздің міндетіміз деді.  Кеш барысында  Ауғанстан жерінде қаза болған жауынгерлердің рухтарына бас иіп бір минут үнсіздік жарияланды. Шара барысында Ауған соғысына қатысып,қасіретті соғыстың қиыншылығын көрген Кенен ағамыз сол ауыр күндерден естелік айтып берді. Кеш соңында Далақайнар ауылы әкімі аппараты ұжымының демеушілігімен интернационалист- жауынгерлерге естелік сыйлық тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu-dalakainar/press/news/details/1161645?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді