«Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» ММ, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 ғимарат, 6 қабат, 648 каб., 030010,телефон: 8-7013759224, aktobeoblsport@yandex.kz.
БАСҚАРМАҒА ҚАРАСТЫ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
- «Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» ММ «Интеллектуалдық спорт түрінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» ММ «Ақтөбе» үстел теннисі орталығы облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» ММ «Хромтау балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Ақтөбе облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» ММ «Бадамша
балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Конкурсқа қатысушыларға біліктілікке қойылатын талаптар:
Кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: “Дене шынықтыру және спорт”, “Бизнес, басқару және құқық” мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;
Еңбек өтілі:
Дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласында басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл, немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және “Дене шынықтыру және спорт”, “Бизнес, басқару және құқық” мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде үш жыл;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін – еркін нысанда ресімделген қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемені қоса бере отырып, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық нысанда рәсімделген конкурсқа қатысу туралы өтініш, білім туралы дипломды кадр қызметіне Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 ғимарат, 6 қабат, 649 кабинет немесе oblsportkadry@yandex.kz электронды поштасына ұсынады.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер тұлға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sport/press/news/details/1161040?lang=kk

Жауап қалдыру