
2026 жылдың 9-13 ақпан аралығында кестеге сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Ә.Әбдіғабит, Б.Сыздықов, А.Мұсабаева, Т.Төлеген және Н.Тұрғанбаев қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.
– Байтерек-1, Құдабаев көшесіне орташа жол жөндеу;
– М. Қаржаубаев көшесін кешкі жарықтандыру;
– «Шұғыла» шағын ауданы №20,21 көпқабатты тұрғын үй ауласында орналасқан балалар ойын алаңдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу
– С.Сейфуллин көшесі арқылы Шымбай көшесіне шығатын аралыққа жол жөндеу жұмыстары мен кешкі жарық шамын орнату;
– Жиенбай жырау көшесін кешкі жарықтандыру, К. Рүстембеков көшесі бойына балалар спорт алаңын салу жұмыстары.
Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, депутаттар тарапынан құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасайтындығы жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1161525?lang=kk

Жауап қалдыру