«Халық есепшісі» кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексін түсінуге көмектеседі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 5 қаңтарда басталған “Халық бухгалтері” республикалық акциясы бұл жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнесті қолдаудың тәжірибелік жобасы.

Акция шеңберінде салық төлеушілер “Қазақстанның бухгалтерлер Одағы және бухгалтерлік ұйымдары” бухгалтерлердің кәсіби ұйымының мүшелерінен, сондай-ақ Ақсу, Павлодар және Екібастұз қалаларының мемлекеттік кірістер басқармаларының мамандарынан кеңестерді тегін ала алады. Аудандық басқармаларда да жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру үшін жауапты мамандар анықталған.

Акцияның алғашқы айларында (қаңтар-ақпан) “Халық бухгалтері” кабинеттері аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Наурыз айынан бастап кеңес берулер аптасына екі рет өткізіледі.

“Халық бухгалтері” жобасы – бұл ең алдымен диалог және бизнеске тәжірибелік көмек.

Біздің міндетіміз – кәсіпкерлер жаңа Салық кодексінің талаптарын түсініп, жаңа жағдайда жайлы жұмыс істей алуы.

 

Павлодар облысы бойынша МКД-ның

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1160930?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді