
Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен ауданымыздағы кәріз жүйесі құрылысының жай-күйі мен жоспарланған жұмыстары бойынша жиын өтті.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы С.Социал, жауапты сала басшылары мен жұмысқа жауапты мердігер мекеме өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі басты мәселелер:
✅ Кәріз желілері құрылысының қазіргі жағдайы мен ақауларды жою;
✅ Мердігерлердің жұмыс сапасы мен бекітілген кестеге сәйкестігі;
✅ Кәріз желілері құрылысы бойынша алдағы жоспарлар.
Аудан басшысы М.Мұхтаров жұмыстың сапасыздығына жол берілмейтінін қатаң ескертіп, мердігерлерге нақты мерзімдер белгіледі. Сондай-ақ, депутаттық корпус пен сала басшыларына құрылыс-жөндеу барысын күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1161747?lang=kk

Жауап қалдыру