
Жалағаш кентіндегі Руханият орталығы ғимаратында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына арналған салтанатты кездесу өтті.
Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Әнуарбек Дәрмағамбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, «Жалағаш аудандық Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұратбек Алдамбергенов және бірақтар ауданымыздың Ауған соғысының ардагерлері қатысты.
Кездесу барысында Әнуарбек Шәкіратұлы ауған соғысында қаза тапқан азаматтарды еске алудың маңыздылығын атап өтіп, ардагерлердің ерлігі мен ел алдындағы еңбегіне жоғары баға берді. Сондай-ақ, олардың батырлығы мен табандылығы кейінгі ұрпаққа өнеге екенін жеткізді.
Шара аясында ауған соғысына қатысқан ардагерлер ерен ерліктері үшін аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Айта кетсек, ауған соғысына 23 мыңнан астам қазақстандық жауынгер қатысып, олардың 749-ы майдан даласында қаза тапты, 26 сарбаз із-түссіз жоғалып, 393 жауынгер мүгедек болып елге оралды. Қызылорда облысы бойынша 821 азамат қатысып, 18-і қаза тауып, 31-і мүгедек болып қайтқан. Ал Жалағаш ауданы бойынша 33 жауынгер интернационалдық борышын өтеген.
Кездесу барысында Ә.Дәрмағамбетов Қазақстан Республикасының Ата Заңының жаңа жобасын таныстырып, 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы туралы ақпарат берді. Жаңа заң жобасының ел дамуы мен қоғам тұрақтылығына қосар үлесі зор екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/1161720?lang=kk

Жауап қалдыру