Мәдениет қызметкерлеріне Конституциялық реформаны түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты мекеме қызметкерлеріне Конституциялық реформаны түсіндіру бойынша жиын өтті.

 Аталған жиында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов модераторлық етті. Шараға облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, Асқар Тоқпанов атындағы академиялық қазақ драма театрының артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Асқарбек Сейілхан, сондай-ақ М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР Мәдениет қайраткері Айгүл Қабиева қатысып, Конституциялық реформаның ел ертеңі үшін маңызды қадам екендігін атап өтті.

Еске салсақ, 2026 жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына 130 адам кіріп, арасында Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі құқықтанушылар, орталық мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, БАҚ басшылары, мәслихат төрағалары, өңірлік қоғамдық кеңестер өкілдері, сондай-ақ сарапшы және ғылыми қауымдастық өкілдері болды. Комиссия Қазақстанның барлық әлеуметтік топтары мен өңірлерін толық қамтып, маңызды шешімдер қабылдауға атсалысты. Комиссия құрамында Жамбыл облыстық мәслихат төрағасы – Нұралиев Абдалы Тоқбергенұлы да болды.

 Сондай-ақ, 11 ақпанда Мемлекет басшысы еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде республикалық референдумды 15 наурызға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Алдағы референдумда елеміздің азаматтары жаңа Конституцияны қабылдау бойынша шешім қабылдайды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1161807?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді