«Салауатты адамдар – мықты ұлт» атты эстафета өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байзақ ауылы №8 дене шынықтыру-сауықтыру кешені базасында «Салауатты адамдар – мықты ұлт» тақырыбында Конституциялық реформаны насихаттауға арналған спорттық эстафета ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын дәріптеу, жастардың спортқа қызығушылығын арттыру және қоғамда белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болды.

Шара барысында Конституциялық реформалардың мәні мен маңызы түсіндіріліп, ел болашағы – дені сау, белсенді ұрпақ екені атап өтілді.

Сайыс қорытындысында жеңімпаз командалар марапатталып, Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Мұндай спорттық іс-шаралар жастарды біріктіріп, жастарға серпін беріп, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосатыны сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1161432?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді