Шет аудандық ақпараттық-насихат тобының (АНТ) мүшелері Ақсу-Аюлы ауылдық округі Шет агротехникалық колледжінде студенттер және педагогтармен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты — жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру және халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап беру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шет аудандық ақпараттық-насихат тобының (АНТ) мүшелері Ақсу-Аюлы ауылдық округі Шет агротехникалық колледжінде студенттер және педагогтармен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты — жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру және халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап беру.

Спикерлер Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, мына мәселелерді атап өтті: ✅ Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту;
✅ Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту;
✅ Жергілікті өзін-өзі басқару рөлін арттыру.

Колледж студенттер мен педагогтар кездесу барысында белсенділік танытып, реформаның еліміздің болашағына тигізер әсері туралы пікірлерімен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1161738?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді