ШҚО-да «Жастар практикасы» және «Жасыл ел» бағдарламалары аясында 2 мың жас жұмыспен қамтылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстық жастар ісі кеңесінің мүшелерімен кездесті.

Соның барысында кеңес мүшелері сөз алып, маңызды әрі салмақты ойларын ортаға салып, бірқатар нақты ұсыныстарын білдірді. Жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуы, оларды жан-жақты қолдау және алдағы референдумға дайындық жайы да сөз етілді.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанда 170 мыңнан астам жас тұрады. Олардың білім алып, еңбек етіп, жан-жақты дамуы үшін тиісті жағдайлар жасалып келеді. Аймақтағы 3 жоғары оқу орны мен 37 колледжде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 35 мыңнан астам студент білім алып жатыр.

Өткен жылы жұмыспен қамту шараларымен 7 мыңнан астам жас қамтылды. Әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы 71 жасқа өз бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін грант иегері атанды. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау аясында жас мамандарға жалпы сомасы 17,5 млн теңгені құрайтын 4 қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Биыл «Жастар практикасы» және «Жасыл ел» бағдарламалары аясында 2 мың жас жұмыспен қамтылмақ.

«Бүгін бір сағат көлемінде сіздермен мазмұнды әрі мағыналы жиын өткіздік деп ойлаймын. Күн тәртібінде көтерілген әр мәселе назардан тыс қалмайды. Жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелерімен тоқсан сайын кездесу өткізуге дайынмын. Қалалар мен аудандар әкімдері жергілікті деңгейдегі кеңестердің сапасы мен құрамын мұқият қадағалап, отырыстарына тікелей қатысуы тиіс», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1161802?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді