
Татулық пен бейбітшілік – ел дамуының берік негізі.
Біздің ауылдық округ үшін ең басты құндылықтардың бірі – тұрғындар арасындағы өзара сыйластық, бірлік және ынтымақ. Қандай ұлт өкілі болмасын, бәріміздің ортақ мақсатымыз – тыныштықты сақтау, бейбіт өмір сүру және ауылымыздың өркендеуіне үлес қосу.
Бейбітшілік бар жерде – тұрақтылық, ал татулық бар жерде – береке болады. Ауыл тұрғындары әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп, қиындықты бірге еңсеріп келеді. Осындай ауызбіршілік арқасында ауылымызда қоғамдық келісім нығайып, жастарға үлгі боларлық жақсы дәстүр қалыптасқан.
Біз алдағы уақытта да достықты, татулықты сақтап, бейбіт өмірдің қадірін біле отырып, бірлігімізді бекемдей береміз. Айтжанов Мақсат Нұрахметович
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-cherkassk/press/news/details/1160713?lang=kk

Жауап қалдыру