Тұрғын үй құрылысы: әлеуметтік бағдарламалар және реновация

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Соңғы үш жылда өңірде 2 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тек 2025 жылы 694 мыңнан астам шаршы метр немесе 6 658 пәтер салынды, деп атап өтті облыстық мәслихат депутаттарына есеп беру барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

«Әлеуметтік тұрғын үйге мыңнан астам отбасы ие болды: 7 үйде 331 пәтер пайдалануға берілді, ал 756 кезекте тұрған отбасының жағдайы жалдамалы тұрғын үй арқылы, сатып алу құқығымен жақсарды. Жеке құрылысшылардан дайын пәтерлерді сатып алу механизмі тиімді болды», – деді өңір басшысы.

2024 жылы Көкшетауда басталған реновация бағдарламасы Щучинск, Мақинск, Аршалы, Зеренді ауылдарын қамтыды: 10 үйде 715 пәтер салынды, ескірген тұрғын үйлерден 187 пәтер көшірілді. Қосшы қаласында «Ынтымақ» тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, 110 пәтер сенімсіз құрылысшылардан зардап шеккен азаматтарға берілді. «Даймонд Парк» тұрғын үй кешенін аяқтау жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ «Шоколад» және «Құрылтай» тұрғын үй кешендеріндегі мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде.

2026 жылы 26 үйде 1 300 пәтер әлеуметтік тұрғын үй ретінде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Облыс орталығында реновация аясында Кудайбердиев көшесіндегі тұрғын үй, өнер мектебі салынып, Вернадский көшесінде бес қабатты үй жобалануда. Ауэзов, Абай, Ташенов, Ақан сері және Баймұқанов көшелеріндегі ескі үйлерді бұзып, жаңа көпқабатты кешендер салу жоспарланған. 2026 жылы жалпы 698 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1161795?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді