Жезқазған қаласы полиция басқармасында заманауи форматтағы «Профилактикалық кабинет» ашылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу – ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта Жезқазған қаласы полиция басқармасында заманауи форматтағы «Профилактикалық кабинет» ашылды.
Бұл бастама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен, «Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы» Заңды іске асыру және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атаулы жұмысты күшейтіп, полицияның сервистік моделін дамыту.
Жаңа кабинет полиция, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау органдары мен азаматтық қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылын біріктіретін үйлестіру алаңына айналады. Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, алкоголизм мен нашақорлыққа қарсы іс-қимыл, девианттық мінез-құлықты түзету бағытында кешенді жұмыстар жүргізіледі.
Кабинетте полиция қызметкерлері құқықтық кеңес берсе, психологтар мен дәрігерлер дағдарыстық жағдайдағы азаматтарға көмек көрсетеді, ал әлеуметтік қызметкерлер қолайсыз отбасыларды сүйемелдейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1161410?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді