Астанада «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 

Елордада жаңа Конституция жобасын кеңінен түсіндіруге арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтуде. Ауқымды шара ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылып, конституциялық өзгерістердің мәні мен мазмұнын қоғамға жан-жақты жеткізуді мақсат етеді.

Алты сағатқа жоспарланған марафон барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланып, «Ток-шоу» және «Сараптау: бұрын және қазір» форматында 100-ге жуық спикер пікір алмасуда. Күн тәртібінде «Жаңа Конституция: өзгерістердің мәні», «Жаңа Конституцияның Преамбуласы», «Егемендік пен Тәуелсіздік – бәрінен қымбат», «Человек в центре государственной политики», «Заң және тәртіптің үстемдігі – мемлекет қызметінің негізгі қағидаты», «Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау», «Семья и брак», «Құрылтай ықпалы: құзыреті мен міндеті», «Қазақстан Халық кеңесі», «Ұлттық заңнама мен халықаралық шарттардың арақатынасы», «Волонтерская деятельность», «Экологиялық мәдениет пен жауапкершілік» секілді өзекті тақырыптар бар.

Сарапшылар конституциялық өзгерістердің әр азаматтың өміріне тигізетін ықпалын кеңінен түсіндіріп, заң үстемдігін нығайту, адам құқықтарын қорғау, отбасы институтын қолдау, тарихи-мәдени мұраны сақтау және экологиялық жауапкершілікті арттыру бағытындағы жаңашылдықтарға тоқталуда.

Спикерлер қатарында Бақыт Нұрмұханов, Айдос Сарым, Ермұрат Бапи, Мұрат Әбенов, Асхат Аймағамбетов, Құралай Садықова, Динара Закиева және өзге де қоғам өкілдері бар.

Марафон аясында азаматтардан келіп түскен ұсыныстардың Конституция баптарында қалай көрініс тапқаны да жан-жақты баяндалуда. Осылайша, халықтың пікірі ескерілген жаңа құжат жобасы көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Іс-шара республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook платформаларында тікелей эфирде көрсетілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1161896?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді