«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты коалиция құрамына аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, этномәдени бірлестіктер, қоғам белсенділері , жастар және кәсіпкерлер өкілдері енді.
Отырыс барысында жаңа Конституция жобасының саяси жүйені жаңғыртуға және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді. Алдағы референдум қарсаңында аудан тұрғындарымен белсенді түсіндіру кездесулерін өткізу жоспарланды.
Коалицияның мақсаты – конституциялық өзгерістерді кеңінен түсіндіру және тұрғындарды ашық диалогқа тарту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-maysk/press/news/details/1161906?lang=kk

Жауап қалдыру