
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті базасында өткен ауқымды форумға қаладағы жоғары және арнаулы оқу орындарынан 1000-нан астам студент қатысты. Іс-шараны Орал қаласының Полиция басқармасы және қалалық ақпараттық-талдау, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Форум барысында Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Бисенов интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, одан қорғану жолдары және жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, арнайы шақырылған спикерлер «Қарызсыз қоғам» жобасы, интернет кеңістігіндегі цифрлық із және қаржылық қауіпсіздік тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара соңында колледж студенттері арасында ұйымдастырылған «Интернет-алаяқтыққа қарсы» бейнероликтер челленджінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткізілген мұндай форумдар жастардың құқықтық әрі қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Еске салайық, облыста әр аптаның жұма күні интернет-алаяқтыққа қарсы күн ретінде белгіленген. Полиция қызметкерлері тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және алдын алу іс-шараларына белсенді қатысуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1161865?lang=kk

Жауап қалдыру