
2026 жылдың 11 ақпанында Павлодар қаласында діни бірлестіктер басшылары Клубыныңотырысы өтті. Бұл шара өңіріміздегі діни өмір мен қоғамның өзекті мәселелерін талқылайтын көпжылдық дәстүрді жалғастырды. Іс-шара Павлодар қ. «Жаңа Өмір» шіркеуінде өтті. МодераторПавлодар облысы дін істері басқармасыныңбасшысы Н.Ж. Байбакиров осы шараныңұйымдастырылуына және қолдау көрсеткені үшін«Жаңа Өмір» шіркеуінің пасторы Вячеслав Михайлович Шипачевке ерекше алғыс білдірді.
Клуб отырысы барысында қатысушылар 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асырумәселелерін талқылады. Тұжырымдама құқықтықсана-сезімді нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздіктіқамтамасыз етуге және заңның негізінде ӘділеттіҚазақстан құруға бағытталған. Бұл кездесудеқоғамымыз үшін маңызды екі мәселеқарастырылды:
Бұл мәселелер бойынша тиісті сала мамандарышақырылды.
Қайтыс болғаннан кейін донорлық мәселесінталқылау үшін Павлодар қалалық ауруханасы №1 анестезиолог-реаниматолог жәнетрансплант-координатор Рустем Омаров сөзсөйледі. Спикер өз баяндамасында орган донорлығын дамыту Қазақстандағы қазіргімедицинаның өмірді құтқаруға арналған маңыздыбағыттарының бірі екенін атап өтті.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алумәселесіне қатысты Павлодар облысы Полиция департаментінің экстремизм мен терроризмгеқарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Даулет Макин баяндамамен сөз сөйлеп, облысымызда діни экстремизм мен терроризмніңалдын алу шаралары туралы айтып берді. Ол бұлсаладағы діндар бірлестіктеріменынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атапөтті.
Отырыста пастор Вячеслав Шипачев «ЖаңаӨмір» шіркеуінің қызметі мен оның жергіліктіқауымдастықтағы рөлі туралы баяндады. Баяндаманың соңында шіркеу ғимараты бойыншаэкскурсия ұйымдастырылып, қатысушылар оныңқызметімен танысты.
Кездесуге қатысушылар талқыланғанмәселелерді шешуде кешенді көзқарастыңмаңыздылығын атап өтіп, қауіпсіз және әділеттіқоғам құру үшін белсенді ынтымақтастыққа дайынекендіктерін білдірді.
Павлодар облысының Діни бірлестіктербасщшылары Клубы діни қауымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы диалогтыңмаңызды алаңы болып қала береді және қоғамдағыконфессияаралық келісім мен толеранттылықтынығайтуға бағытталған күш-жігерді жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-din/press/news/details/1161922?lang=kk

Жауап қалдыру