Параллельді могулдан аруларымыз Олимпиадада өнер көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиадада параллельді могулдан әйелдер арасында жеңімпаздар анықталып жатыр. Елімізден сынға түскен үш аруымыздың арасынан Анастасия Городко ең үздік көрсеткішті тіркеп, ширек финалға дейін жетті.

Плей-офф жүйесі арқылы өткен сайыста Анастасия Городко 1/16 финалда Қытай спортшысы Я Янды 26:9 және 1/8 финалда Франция өкілі Камилла Кабролды 22:14 есебімен жеңді.

Одан бөлек, жарыста Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева мен Аяулым Әмренова да өнер көрсетті.

1986 жылдан бері әлем чемпионатында параллельді могул сайысы болғанымен, бұл бағдарлама түрі Милан Олимпиадасына алғаш рет қосылды.

Айта кетейік, параллельді могулдан 2025 жылғы жаһандық додада Анастасия Городко қола жүлдегер атанған еді.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1161910?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді