
Қазақстанның әлемдегі орны мен мәртебесі, тарихи даму эволюциясы өзгеріске ұшырап жатыр. 90-жылдардың басында қабылданған Конституция жаңадан қалыптасқан мемлекеттің Конституциясы болды. Бұл құжатта посткеңестік елден жеке дара мемлекетке айналып жатқан кездегі құндылықтар, негізгі қағидалар мен ұстанымдар жазылған болса, қазіргі Ата заң нық аяғына тұрған, мемлекеттілігін әрі қарай жалғастырып келе жатқан, тарихы бар мемлекеттілікті адам капиталы ретіндегі негізгі байлығын ұстанып отырған елдің Конституциясы болып жазылып жатыр. Сол себепті қазір құжат жаңа Конституция ретінде ұсынылып жатыр. Саясаттанушы Индира Рыстина «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында осылай деп мәлімдеді.
«Преамбуланы ашып қарайтын болсақ, мұндағы ең басты сөздер бұрынғы Конституцияда «Біз мемлекетті қалыптастырып» деп жазылды. Ал, қазір ол «Мемлекеттілігімізді әрі қарай нығайтып» деп өзгертілмек. Одан кейін «Мың жылдық тарихы бар ұлы дала жері» деген сөздер қосылды, яғни бұл мемлекетіміз енді ғана пайда болып емес, ұзақ жылдар бойы, тарихы, мәдениеті, өзінің ұстанымдары бар мемлекетті қалыптастырып жатқанымызды білдіреді. Сондай-ақ негізгі стратегиялық бағыттар айқындалды. Ол стратегиялық бағыттардың қатарында тек қана мемлекеттің тұрған аумағы, жер байлығы ғана емес, ғылым, білім, инновация, адам капиталы, мәдениет сынды ұғымдар негізгі стратегиялық бағыттар болып айқындалып жатыр. Яғни, бұл Конституция мемлекетке емес, адамға бағытталады», – деді спикер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1161942?lang=kk

Жауап қалдыру