14 ақпан күні Достық ауылдық округінде ауданаралық волейбол турнирі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні Достық ауылдық округінде ауған соғысы ардагерлері Т. Ельшибаев пен Қ. Ахметовтың құрметіне арналған ауданаралық волейбол турнирі өтті.
Жарысқа ауданның әр елді мекендерінен келген 12 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ойындар тартысты әрі әсерлі өтті.
🏆 Қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – Абай ауылы
🥈 II орын – Сатпаев ауылы
🥉 III орын – Шақаман ауылы
Аталған спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу және ардагерлерге құрмет көрсету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-dostyk/press/news/details/1162527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді