Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар пысықталуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жүйелі атқарылуда. Өзен арналарының жағалауын нығайту, тереңдету және тазалау, қорғаныш бөгеттерін және үйінділерді көтеру және жөндеу, нөсер кәріздерін салу, су бұру арналарын салу, арық қазу жұмыстары жүргізілді.

«Қазгидромет» деректеріне сәйкес облыс бойынша топырақтың күзгі ылғалдылығы нормадан төмен. Жауын-шашынның мөлшері де былтырғы мәндерден аз. Жер тоңының қату тереңдігі 32 см-ден 127 см-ге дейін.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше бүгінге дейін елді мекендерден 150 мың тоннадан астам қар шығарылды. Өзен арналарында мұзды әлсірету мақсатында мұз жару жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

«2 мыңнан астам адам, 881 бірлік техника, 453 бірлік мотопомпалар және 105 бірлік жүзу құралдары, 2 әуе кемесі әзірлікке келтірілді. Қаптар, инертті материалдар, ЖЖМ, азық-түлік қоры дайындалды» – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Су тасқыны кезеңіне дайындық өкілетті органдардың тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1162306?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді