
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 13 ақпанында сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мамандары атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша «Ашық есік күнін» өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша түсіндірмелер беріліп, жеке консультациялар ұсынылды, сондай-ақ «Adilet.gov» қосымшасының мүмкіндіктері түсіндірілді.
«Adilet.gov» қосымшасының арқасында азаматтар өздеріне қатысты салынған тыйымдар туралы мәліметтерді өз бетінше қарап, жеке сот орындаушысының қызмет ақысының мөлшерін есептей алады. Сонымен қатар, жеке сот орындаушысының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты өтініштерді Е-Otinish арқылы жолдап, палата немесе прокуратурадан ұзақ уақыт жауап күтудің қажеттілігі жоқ.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1162120?lang=kk

Жауап қалдыру