Брест облысы шекара тобының басшысымен кездесу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы (Беларусь Республикасы) Бас консулы М.Мәдімәр Брест облысы шекара тобының басшысы С.Ю.Савчукпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Шекара қызметі мен Брест шекара қызметі арасындағы ынтымақтастығын, беларусь-поляк шекарасындағы жағдайды, сондай-ақ аталған шекара арқылы Еуропалық Одақ елдеріне тасымалданатын қазақстандық жүктердің шекарадан өту мәселелерін талқылады. С.Ю.Савчук қазіргі уақытта 2025 жылы орын беларусь-поляк шекарасындағы кейбір қиындықтардың реттелгенін және екі тараптың келісімі бойынша қосымша өткізу бекеттерінің ашылғанын атап өтті және бұл жағыдай халықаралық жүк тасымалдар ағынын, оның ішінде қазақстандық жүктердің, ұлғаюына оң әсер ететінін хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар болашақта қазақстандық халықаралық тасымалдаушыларда туындауы мүмкін мәселелер бойынша өзара әрекеттестікті жалғастыруға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brest/press/news/details/1162756?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді