МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫНДА БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс XXXIII сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етіп, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырды.
 
✅Сессияға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев және аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай қатысты.
 
✅Сессия барысында қаралған мәселелер бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды:
▪️ 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №9/52-VIII «Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
▪️ 2024 жылғы 28 наурыздағы №11/64-VIII «Төлеби ауданында бөлшек салықтық арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды.
▪️ Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім қабылданды.
▪️ 2025 жылғы 4 маусымдағы №26/151-VIII «Аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
▪️ 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/128-VIII «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
▪️ 2025 жылғы 24 қыркүйектегі Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізілді.
▪️ 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/131-VIII «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
▪️ 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/130-VIII «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
▪️ Ленгір қаласының №2 және №3 мөлтек аудандарының орталық көшесіне атау беру туралы мәселесі қаралды.
 
📍Күн тәртібіндегі барлық мәселелер алдын ала біріккен тұрақты комиссиялардың отырысында жан-жақты талқыланып, пысықталған. Нәтижесінде депутаттар ұсыныстарды бірауыздан қолдап, тиісті шешімдерді қабылдады.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1162247?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді