МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен өңір медицинасының өкілдері қатысты.

Жаңа нысан Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Бас прокурордың қайтарылған активтер есебінен салынды. Заманауи станция жылына 100 000 шақыртуға есептелген.

Ғимарат орталықтандырылған біріккен диспетчерлік қызметпен, заманауи симуляциялық және оқу-практикалық орталықпен, сондай-ақ 20 бірлік санитарлық автокөлікке арналған жылы гаражбен жабдықталған. Жоба жедел медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласының ардагері Әлімжан Сағымбаев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай, Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице – министрі Тимур Мұратов құттықтау сөз сөйлеп, жедел жәрдем қызметінің стратегиялық маңыздылығына тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1162793?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді