Мойынқұмдық мемқызметкер облыстық чемпионатта топ жарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9–14 ақпан аралығында облыстық деңгейде өткен шахмат чемпионатында түрлі сала өкілдері бақ сынады. Атап айтқанда, жарысқа ішкі істер органдарының қызметкерлері, білім саласының мамандары, мемлекеттік қызметшілер, денсаулық сақтау қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.

Чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті. Зияткерлік сайыста әрбір үміткер өз шеберлігі мен тактикалық дайындығын дәлелдеуге тырысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Мойынқұм ауданының мемлекеттік қызметкері Жүнісова Жанат Көрікқызы мемлекеттік қызметкерлер арасында шахматтан өткен додада үздік нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды. Ол байсалды ойыны мен жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында қарсыластарына дес бермей, жеңіс тұғырынан көрінді.

Аталған чемпионаттың 1/8 финалынан өткен жеңімпаздар Оңтүстік аймақ бойынша 1/4 финалдық кезеңде Түркістан облысында бақ сынайды. Ал ақтық кезең Астана қаласында өтіп, ел көлеміндегі үздіктер анықталады.

Мойынқұм ауданы үшін бұл жеңіс — зор мақтаныш. Жанат Көрікқызын жарқын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз. Спорт – денсаулық пен жігердің, табандылық пен жеңіске деген ұмтылыстың айқын көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1162212?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді