Облыстық семинарда психологиялық сүйемелдеу әдістері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қалаласында мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарына арналған «Балабақшадағы инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық қолдау көрсету жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинар «Zerek» балабақшасында ұйымдастырылып, негізгі мақсаты инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық қолдаудың тиімді тәсілдерімен тәжірибе алмасу болды.

Бағдарлама аясында қатысушыларға тәжірибеге бағытталған баяндамалар мен тренинг форматындағы жұмыстар ұсынылды:

– №12 мектеп-шағын орталығының педагог-психологі Г.Н. Қожахметова «Шарлар әлемі» атты тренинг өткізді;

– әдіскер А.А. Капешова PedTalk форматында мазмұнды баяндама жасады;

– «Кел, балақай, ойнайық» тақырыбындағы кіріктірілген жұмысты Б.Ж. Кибатова, Г.А. Еркинова және А.А. Махметова таныстырды.

Сондай-ақ, «Аяла» арнайы балабақшасының педагог-психологы А.Х. Карбаева және №22 мектеп жанындағы шағын орталықтың педагог-психологы З.С. Мусина өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар-практикум қатысушылар үшін мазмұнды әрі тәжірибеге мол, инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық қолдауды ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгеруге мүмкіндік берді. Семинар-практикум өте нәтижелі өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1162090?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді