Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру мақсатында аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі М.Мейманханов Көкдөнен ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Конституция жобасына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беріліп, конституциялық реформалардың негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, ұсынылып отырған өзгерістердің құқықтық және әлеуметтік маңызы, олардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және қоғамның одан әрі дамуына ықпалы туралы толық ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-kokdonen/press/news/details/1162777?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді