Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 15–22 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаттары:
• тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған жол бермеу;
• тұрмыстық жанжалқойларды, қолайсыз отбасыларды анықтау және профилактикалық есепке алу;
• ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық жұмыстар жүргізу.
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз немесе зардап шексеңіз, «102» арнасына немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласуыңызды өтінеміз.
Жауап қалдыру