
2026 жылғы 14 ақпанда Родина ауылының мәдениет үйінде Родина ауылдық округінің XXIV жыл сайынғы спартакиадасының жабылу салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шара аясында “Қысқы көрініс” абаттандыру байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бағалау нәтижелері бойынша Родина ауылдық округі аумағында ең үздік жаңа жылдық безендіру деп:
1. Орленко Иван – Родина ауылы, Майская көшесі, 11;
2. Листков Сергей – Родина ауылы, Майская көшесі, 2/7;
3. Орленко Александр – Родина ауылы, Конституция көшесі, 12/2;
4. Ибряев Сергей – Родина ауылы, Желтоқсан көшесі, 16;
5. Садовский Станислав – Родина ауылы, Желтоқсан көшесі, 3А;
6. Овсянников Николай – Садовое ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 23.
Сондай-ақ, салтанатты шара барысында ауылдық округтің намысын облыстық әрі республикалық спорттық және шығармашылық байқауларда қорғаған жас жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара Родина ауылдық округінің XXIV жыл сайынғы спартакиадасының жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды: жарыстың белсенді қатысушылары марапатталып, ал жүлдегерлерге естелік кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Нәтижесінде ерлер командалары арасында:
1 орын – Диқаншылар командасы;
2 орын – Басқарма командасы;
3 орын – Малшылар командасы.
Әйелдер командалары арасында:
1 орын – Садовое және Зеленый Гай командалары;
2 орын – Мектеп командасы;
3 орын – Бюджет және Жастар командалары алды.
Родина ауылдық округінің спорты мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін іс-шараның барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd-rodina/press/news/details/1162396?lang=kk

Жауап қалдыру