Шымкентте түнгі клубта “күлдіретін газ” сатқан

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында полицейлер ойын-сауық орындарының бірінде азот тотығын заңсыз сату дерегін анықтап, жолын кесті.
Профилактикалық іс-шара барысында тәртіп сақшылары аталған мекемеде келушілерге «күлдіретін газ» ретінде белгілі заттың заңсыз өткізілгенін анықтады. Тексеру кезінде ғимарат ішінен азот тотығы бар баллондар және оны қолдануға арналған көп мөлшердегі пайдаланылған әуе шарлары табылып, тәркіленді.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ойын-сауық орнының иесі полиция бөліміне жеткізілді.
Полиция ескертеді: азот тотығын заңсыз сату және оны тұтынуға адамдарды тарту заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Аталған құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1162215?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді