
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттарының үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары Гүлниса Досанқызы Тұлымшақова және Роза Хаджи-Ахметқызы Ақжаркенова қатысты. Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасы, үкіметтік емес ұйымдардың мәслихатпен өзара әрекеттесуі, сондай-ақ олардың қызметі талқыланды.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қатысушылармен бірге сектордың қызметі жөнінде пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-taldykorgan/press/news/details/1162001?lang=kk

Жауап қалдыру