
ТАЗАЛЫҚ-БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ! Бүгін Ақсу-Аюлы ауылында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ауыл ішіндегі барлық ішкі көше жолдары, сондай-ақ Қайрақты, Ақтөбе, Еңбекшіл және Ақсу ауылдарының жолдары арнайы техниканың көмегімен қардан тазартылды. Жаяу жүргіншілер жолдары мен жайлы мектеп және кіші саябақтардың маңайындағы қарлар да тазаланды. Аталған шаралардың негізгі мақсаты – көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету және ауыл тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру. Жүргізілген жұмыстар қыс мезгілінде тұрғындардың күнделікті тұрмысын жеңілдетуге, жол қозғалысын жақсартуға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Ауылдың тазалығы мен инфрақұрылымының жақсаруы – халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды көрсеткіші. Алдағы уақытта да тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады. Жауапты мердігер: “КЕМЕҢГЕР ЖОЛ” ЖШС #ТазаҚазақстан#устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология#TazaChallenge @TazaQazaqstan
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-aksu-ayuly/press/news/details/1162432?lang=kk

Жауап қалдыру