Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Соңғы уақытта автожолдарда қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарларының кесірінен жол-көлік оқиғалары жиілеп отыр. Мұндай жағдайлар адам өміріне қауіп төндіріп, кей жағдайда ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты, жол бойында қараусыз бағылатын ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі талаптарына сәйкес, мал иелері өздеріне тиесілі жануарларды қараусыз қалдырмауға және олардың автожолдарға шығуына жол бермеуге міндетті. Автожолдар бойында және жол жиегінде мал жаюға тыйым салынады.
Құрметті жерлестер!
Ауданның ветеринариялық қызметі мен аудан әкімдігі бірлесе отырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төмендегі талаптарды қатаң сақтауды сұрайды:
Ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз жібермеңіздер;
Мал жаю үшін арнайы белгіленген орындарды пайдаланыңыздар;
Жануарлардың жол жиегіне немесе жүріс бөлігіне шығуына жол бермеңіздер;
Түнгі уақытта жол маңында жайылатын малдың мойнына жарық шағылыстыратын арнайы ленталар тағуды қамтамасыз етіңіздер;
Жануарларға ветеринариялық көмек қажет болған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмірі арқылы хабарласыңыздар.
Естеріңізге саламыз: мал иесі ретінде сіз өз малыңыздың қауіпсіздігіне ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына да жауаптысыз. Қараусыз жіберілген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген, айыппұл салынып, тиісті материалдар толтырылады.
Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!
ТО ВБ “Ветеринариялық қызметі” ШЖҚ МКК Төлеби аудандық филиалы
Жауап қалдыру