Департаментпен бекітілген тексеруді тағайындау актісіне сәйкес үстіміздегі жылдың 13 ақпан күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты “Төлеби аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК-на жоспардан тыс тексеру жүргізіп, аурухана қызметкерлерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Алдияр Шаниярұлы “Төлеби аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК-ның қызметкерлеріне еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына түсіндірме бере отырып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын жүзеге асыру, “enbek.kz” порталына штаттық кестені енгізу жүйесіне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жауап қалдыру