«Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру аясында Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы төрт жалпы білім беру мектебінің оқушылары «Жас прокурор көмекшілері» қозғалысының өкілдері арасында тақырыптық жарыс өткізді.
Іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандардың құқықтық білімін нығайту, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына құрмет қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және құқық бұзушылықтарға төзбеушілік көзқарасын дамыту.
Мұндай бастамалар құқықтық мәдениетті нығайтып, заңдылық пен әділеттілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, командалық бірлікті және құқықтық білімдерін тәжірибеде қолдана алу қабілетін көрсетті.
Қорытындысы бойынша барлық қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, ал үздік командалар қосымша ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Прокуратура алдағы уақытта да балалар мен жастарды қолдауды жалғастырады, өйткені өскелең ұрпақ — еліміздің болашағы мен құқықтық қоғамның берік негізі.
#Заң_мен_тәртіп
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1163260?lang=kk

Жауап қалдыру