
🔰Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов Жаңаталап ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Диханбай Ақділда, Жаңатас қалалық билер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев, мекеме, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан басшысы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жобалар мен жоспарлармен бөлісті.
🔰Кездесу барысында ауыл тұрғындары Тасарық каналын жөндеу туралы, ардагерлерге тегін дәрі дәрмектерді жеткізу және ауыл әкімімен жиналыстарды жиі өткізу мәселелерін қозғады. Аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы сұрақтаға Заң аясында жауап беріп, мәселелердің оң шешімін табуға жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1163244?lang=kk

Жауап қалдыру