АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖҰМЫС САПАРЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Сырым ауданының әкімі Батырниязов Жұмагелді Жолдыбайұлы кезекті жұмыс сапарымен Шолаңқаты, Алғабас және Бұлан ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесті.
Кездесулерге аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысып, ауыл тұрғындарымен еркін форматта ашық пікір алмасу өтті.
Аудан әкімі ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар жөнінде кеңінен баяндап, нақты көрсеткіштерге тоқталды. Сондай-ақ ауыл әкімдері өз округтерінің тыныс-тіршілігі мен өзекті мәселелері туралы есеп берді.
Тұрғындар тарапынан жол жөндеу, ауыз су, жайылым жер, интернет сапасы, жарықтандыру, медициналық қызмет және жастарды қолдау мәселелері көтеріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды. Әкім мен сала басшылары әр сауалға жеке тоқталып, түсіндірме берді. Кейбір мәселелер бақылауға алынып, кезең-кезеңімен шешілетіні жеткізілді.
Халықпен осындай ашық форматтағы кездесулер өткізу – жергілікті басқарудың маңызды тетігі. Бұл жиындар тұрғындардың нақты мәселелерін анықтап, билік пен халық арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
 
Құбаева Нұрайлым

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1163166?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді