Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО аумағында балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі келесі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерімен реттеледі:
ТР 040/2016 «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»
КО ТР 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»

 КО ТР 022/2011 «Тағам өнімдерін таңбалау бөлігінде».

Аталған техникалық регламенттер төмендегілерге міндетті талаптар белгілейді:
микробиологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері;
уытты элементтердің (сынап, кадмий, қорғасын, мышьяк) мөлшері;
ветеринариялық препараттардың қалдық мөлшері;
паразитологиялық көрсеткіштер;
гистамин деңгейі (жекелеген балық түрлері үшін);
өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу шарттары;
өнімді міндетті таңбалау талаптары.
Айналымға шығарылатын барлық өнімдер сәйкестікті растау рәсімінен (декларациялау) өтіп, қауіпсіздігін растайтын құжаттармен сүйемелденуі тиіс.

 Тұтынушыларға ұсыныстар:
 – Балық өнімдерін тек ресми сауда орындарынан сатып алу.
 Қаптамадағы таңбалауды тексеру (атауы, өндіруші, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, сәйкестікті растау туралы ақпарат).
– Сақтау температурасының сақталуына назар аудару (әсіресе салқындатылған және мұздатылған өнімдер үшін).
– Қаптамасы зақымдалған немесе қайта мұздату белгілері бар өнімді сатып алмау.
– Жағымсыз иіс, түсінің өзгеруі байқалған жағдайда сатып алудан бас тарту.
Техникалық регламент талаптарын сақтау және тұтынушылардың жауапкершілігі — балық өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етудің негізі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1162966?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді