Халық мүддесі – басты құндылық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекетіміздің даму жолындағы жаңа белес – Конституциялық реформалар халық арасында кеңінен талқылануда. Бүгін Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы №1 мектеп-гимназиясының ұжымымен өткен кездесу осы тарихи үдерістің маңызын ұғындыруға арналды.
Кездесу барысында Конституциялық реформаның жай ғана құжаттық өзгеріс емес, бұл қоғамның мүддесінен және болашақтың сұранысынан туындаған тарихи қажеттілік екені баса айтылды. Ұстаздар қауымы – қоғамның айнасы, келер ұрпақтың бағбаншысы. Сондықтан жаңа Ата Заңның басты бағыттарын білім беру саласының өкілдеріне түсіндірудің маңызы зор.
«Жаңа Конституцияның өзегі – адам. Оның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, әлеуметтік әділеттілікті нығайту және мемлекеттік басқару жүйесін заман талабына сай жетілдіру», – деп атап өтті насихат тобының мүшелері.
Мектеп-гимназия ұжымы реформалардың ел болашағы, соның ішінде өскелең ұрпақтың жарқын келешегі үшін маңызды екенін бірауыздан қолдады. Ұстаздар қауымы конституциялық өзгерістер қоғамның барлық саласына, әсіресе білім мен ғылымның дамуына оң серпін беретініне сенім білдірді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты көрінісі болған бұл басқосу қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. Әрбір азаматтың бұл үдерістен хабардар болуы – саналы қоғам құрудың алғышарты. Сарыкемерлік ұстаздар еліміздің жаңа саяси келбетін қалыптастыруға өз үлестерін қосуға дайын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1163453?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді