
2026 жылғы 17 ақпан күні облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.
Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы С.Көшенов жүргізді.
Комиссия отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Қ.Қайыпбек, облыстық мәслихат депутаттары Н.Әшіров, Ж.Ағабеков, Ғ.Қапалбаев, С.Арыстанов, Е.Ералиев, Т.Қалмұратов, С.Ералиев, Н.Сейтжанов, Е.Хандиллаев, Т.Қаржауов қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
- Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
- Түркістан облысының мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
- «Түркістан облысын басқару схемасы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/235-VII шешіміне толықтыру енгізу туралы;
- «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/268-VІII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;
- Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;
- «Оңтүстік Қазақстан облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы №48/400-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Түркістан облысы әкімдігі жанындағы «Түркістан облысының Бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы»;
- Түркістан облысында ғылым жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы;
- Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының облыстық мәслихат қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі есебі;
- Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарған қызметі жөніндегі есептері.
Күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, сессияның қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan/press/news/details/1163750?lang=kk

Жауап қалдыру