
Полиомиелит – бұл жоғары жұқпалы инфекциялық ауру, ең алдымен жүйке жүйесін зақымдайды.
Алғашқы белгілері әртүрлі жұқпалы аурулардың көрінісіне ұқсас болуы мүмкін:
қызба, тұмауға ұқсас белгілер, шаршау, бас ауруы, құсу, әлсіздік.
Кейін аяқ-қол бұлшықеттерінің салдануы (паралич) дамуы мүмкін.
Инфекция көзі – адам: науқас немесе ауру белгілері байқалмайтын тасымалдаушы.
Жұғу жолдары – тұрмыстық, су және тағам арқылы.
Полиомиелит кезінде пайда болатын салдану қайтымсыз сипатқа ие.
Сонымен қатар кейбір науқастарда тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы дамып, бұл өлімге әкелуі мүмкін.
Полиомиелиттің алдын алудың жалғыз жолы – вакцинация.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1163141?lang=kk

Жауап қалдыру