Қазақстанның ЖІӨ-і 2025 жылы 6,5%-ға өсті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан экономикасы 2025 жылдың қорытындысы бойынша сенімді өсім көрсетті. Жедел деректерге сәйкес, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ-нің нақты көлем индексі 106,5%-ды құрады. Бұл экономиканың нақты өсімі 6,5%-ға жеткенін білдіреді. Яғни, тауарлар мен қызметтер өндірісі ұлғайған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

«ЖІӨ құрылымында тауар өндірудің үлесі – 36,1%, қызмет көрсету саласының үлесі – 57,7%. Осылайша, сервис секторы экономиканың негізгі бөлігін қалыптастырып отыр. Дегенмен нақты өндіріс салалары да өсімге елеулі үлес қосуда», – деп атап өтті Ұлттық статистика бюросы.

Ең жоғары өсім көлік және қоймалау саласында тіркелді – 20,4%. Бұл логистикалық ағындардың жандануын, транзиттік әлеуеттің артуын және жүк айналымының көбейгенін көрсетеді. Құрылыс саласы да айтарлықтай үлес қосып, 15,9%-ға өсті. Бұл көрсеткіш тұрғын үйлердің, инфрақұрылымдық нысандардың және коммерциялық жылжымайтын мүліктің белсенді салынуымен байланысты.

«Көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу қызметтері 8,9%-ға өсті. Бұл тұтынушылық сұраныстың қалпына келіп, кеңейіп жатқанын білдіреді. Өңдеу өнеркәсібі 6,4%-ға артып, өнеркәсіп секторының тұрақтылығын растады. Ауыл, орман және балық шаруашылығы 5,9%-ға өсіп, аграрлық саланың позициясын нығайтты», – делінген статистика органдарының мәліметінде.

 

Инфографика: ҚР Ұлттық статистика бюросы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1163738?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді