Қолайлы баға мен сапалы өнім: Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада демалыс күндеріне арналған кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңке 14 және 15 ақпан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген фермерлер мен өндірушілер қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Сауда сөрелерінде көкөністер мен жеміс-жидектер, ет және ет өнімдері, сүт және ұн өнімдері, жаңа піскен тоқаштар, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер және басқа да тауарлар тиімді бағада сатылды.

Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы Арна Беріковтің айтуынша, қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрғындарды отандық өндірістің сапалы әрі қолжетімді өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.

«Фермерлер мен өндірушілерден тікелей жеткізілімдердің арқасында делдалдық үстемеақылар азайтылды, бұл баға тұрақтылығына оң әсер етті. Жәрмеңкелерді өткізу жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға ықпал етіп, елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстың маңызды бөлігі болды», – деді ол.

Жәрмеңкеге келушілердің ыңғайлылығы үшін аталған орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1162925?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді