САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан өз еріктерімен шығып кеткен сайлау комиссиясы мүшелерінің орнына жаңадан сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы

ХАБАРЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Маңғыстау облысының Түпқараған аудандық мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгеріс енгізу үшін кандидаттар ұсыну басталғандығын хабарлайды.

Окургтік сайлау комиссияларына:

            №1– 1

            №2 – 1

            №3 – 1

            №7 – 1

            №9 – 2

            №11 – 2

            №12  – 3;

Учаскелік сайлау комиссияларына:

            №227   – 2

            №229  – 2

            №230 – 1

            №237 – 2

            №238 – 4

            №239 – 1

            №250 – 1;

           Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

         Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

         Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

         Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2026 жылдың  4 наурызына  дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.  

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

          Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.  

          Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

          Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 4 наурызына дейін дүйсенбі – жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.

         Саяси партиялар сайлау комиссиялары құрамына ұсынылатын кандидаттар тізімін Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы Байбатырова Айнагул Бектуровнаның атына жолдайды.

 

Мәслихаттың орналасқан жері: Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Д.Тәжіұлы көшесі, №13 ғимаратының 4 кабинеті

 

Байланыс телефоны: 8/72938/22698

Электронды пошта: fort_maslihat@mail.ru

 

Жалғанды:  қосымша 4

                      қосымша 5

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-tupkaragan/press/news/details/1163465?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді